Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 27.10.2023 № 74 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-10 тармағына, "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы № 787 қаулысына сәйкес, Алға аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Алға ауданында туристерді орналастыру орындарында шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемесі 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда - болу құнының 1 (бір) пайызы бекітілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алға ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алға аудандық мәслихатының төрағасы |
М. Тулеуов |