Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Жем қаласының В. Унучко көшесін қайта атау туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Жем қаласы әкімінің 2023 жылғы 1 шілдедегі № 14 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 4 шілдеде № 8378 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына, Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 30 наурыздағы № 1 қорытындысы негізінде және Жем қаласы халқының пікірін ескере отырып, ШЕШТІМ:

      1. Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Жем қаласындағы В. Унучко көшесі Сағадат Нұрмағанбетов көшесі деп қайта аталсын.

      2. "Мұғалжар ауданының Жем қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Мұғалжар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мұғалжар ауданы Жем қаласы әкімі Ж. Бисенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады