Темір аудандық мәслихатының 2017 жылғы 14 маусымдағы № 110 "Темір ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 2023 жылғы 14 қарашадағы № 104 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 16 қарашада № 8442 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 2024 жылғы 11 наурыздағы № 163 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 11.03.2024 № 163 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Темір аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Темір аудандық мәслихатының 2017 жылғы 14 маусымдағы № 110 "Темір ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5599 болып тіркелген) шешiмiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:

      көрсетілген шешіммен айқындалған Темір ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібінде:

      10-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "10. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін көрсетуден тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде бас тартады.";

      12–тармақта:

      10) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:

      "10) телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 295/НҚ "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Темір аудандық
мәслихатының төрағасы
Б. Шаимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады