"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1-тармағының 17-3) тармақшасына сәйкес, Алматы облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін бекіту туралы" Алматы облысы әкімдігінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 32 қаулысына келесі толықтыру енгізілсін:
профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық аурулары тізбесіне "мүйізді ірі қараның пироплазмидозы (бабезиоз, тейлериоз)" сөздерімен үшінші реттік нөмірмен толықтырылсын.
2. "Алматы облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысына осы қаулының Қазақстан Республикасының заңында қарастырылған ретімен, құзырлы органда тіркеу және де облыс әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Р.Т. Рақымбековқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Алматы облысының әкімі | М. Султангазиев |
Алматы облысы әкімдігінің 2023 жылғы 9 ақпандағы № 47 | |
Алматы облысы әкімдігінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 32 қаулысымен бекітілген |
Профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі
№ | Жануарлардың энзоотиялық ауруларының атауы |
1 | Жылқының сақауы |
2 | Жылқының сальмонеллезді іш тастауы |
3 | Мүйізді ірі қараның пироплазмидозы (бабезиоз, тейлериоз) |