Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының 2018 жылғы 19 наурыздағы № 02-17/6 "Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" қаулының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 02-17/14 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2023 жылғы 28 сәуірде № 5986-05 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының 2018 жылғы 19 наурыздағы № 02-17/6 "Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 120170 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау "Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясы" мемлекеттік мекемесінің аппарат басшысына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы М. Мусаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады