Алматы облысы әкімдігінің 2012 жылғы 10 желтоқсандағы № 389 "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Алматы облысы әкімдігінің 2023 жылғы 31 тамыздағы № 301 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2023 жылғы 8 қыркүйекте № 6029-05 болып тіркелді

      Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Алматы облысы әкімдігінің 2012 жылғы 10 желтоқсандағы № 389 "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 69320 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

      2. "Алматы облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулының Алматы облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін, сондай-ақ осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы облысының әкімі М. Султангазиев

  Алматы облысы әкімдігінің 2023 жылғы 31 тамыздағы № 301 қаулысына қосымшасы

Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасуы

Нысанның атауы

Мекен жайы

1.

"Бақдәулет қазынасы" дүкені

Райымбек ауданы, Нарынқол ауылы Абай көшесі №30а

2.

ЖК "Ибрагимов"

Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы Р.Мукашев көшесі №31

3.

"Бизнес орталық"

Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы Абылай хан көшесі №233

4.

"Сымбат" дүкені

Кеген ауданы, Кеген ауылы Әзімжанов көшесі №25

5.

"Солнечный" дүкені

Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы Алтын адам көшесі №119А

6.

"НІТ" супермаркеті

Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы Абай көшесі №51

7.

"Современное домашнее хозяйство" сауда үйі

Талғар ауданы, Талғар қаласы Ю.Гагарин көшесі №122

8.

"Rayan" дүкені

Қарасай ауданы, Қаскелен қаласы Парасат көшесі №27

9.

ЖШС "Altyn Orda New Company" ЖК "Еркөкше"

Қарасай ауданы, Іргелі ауылы Алматы-Бишкек тасжолы №765 ғимараты

10.

"Алтын Орда" сауда үйі

Қарасай ауданы, Алматы-Бишкек тасжолы 15 км №1/12

11.

ЖК "Тулендиев"

Қарасай ауданы "Асыл Арман" ТК №8958 уч.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады