"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Ақкөл ауылдық округі тұрғындарының пікірін ескере отырып және Алматы облысының ономастикалық комиссиясының 2022 жылғы 24 қарашадағы қорытындысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Ақкөл ауылдық округінің келесі көшелері қайта аталсын:
1) Ақкөл ауылындағы:
"Орталық" көшесі "Ақылтай Тұрұшов" көшесіне;
2) Көкжиде ауылындағы:
"Мектеп" көшесі "Медет Жиенбайұлы" көшесіне.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақкөл ауылдық округінің әкімі | Б. Орынбаев |