Қазақстан Республикасы "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Қарасай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Қарасай аудандық мәслихаты аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" 2018 жылғы 26 наурыздағы № 27-3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4608 болып тіркелген) Қарасай аудандық мәслихатының шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарасай аудандық мәслихаты аппаратының басшысы К.Абильбековке жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін оның күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарасай аудандық мәслихатының хатшысы | Б. Айнабеков |