Шарын ауылдық округі Шарын ауылының кейбір атауы жоқ көшелеріне атаулар беру туралы

Жаңа

Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шарын ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 20 қаңтардағы № 01-26/4 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2023 жылы 26 қаңтарда № 5965-05 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Шарын ауылдық округінің Шарын ауылы халқының пікірін ескере отырып және Алматы облысының ономастикалық комиссиясының 2022 жылғы 30 наурыздағы қорытындысының негізінде ШЕШТІМ:

      1. Шарын ауылдық округінің Шарын ауылының атауы жоқ көшелеріне келесі атаулар берілсін:

      атауы жоқ көшесіне – "Сабыр Елебаев" көшесі;

      атауы жоқ көшесіне – "Жамбыл" көшесі;

      атауы жоқ көшесіне – "Решит Манапов" көшесі;

      атауы жоқ көшесіне – "Жібек Жолы" көшесі;

      атауы жоқ көшесіне – "Қожамберді Мурзабаев" көшесі;

      атауы жоқ көшесіне – "Мамыр Тұрсынбаев" көшесі;

      атауы жоқ көшесіне – "Әлішер Науаи" көшесі;

      атауы жоқ көшесіне – "Тастақ" көшесі;

      атауы жоқ көшесіне – "Абай" көшесі;

      атауы жоқ көшесіне – "Садыр палуан" көшесі.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шарын ауылдық оругінің әкімі

      Б. Алгазиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады