Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Шымкент қаласының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары мен тәртібін бекіту туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 15 маусымдағы № 1266 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3802 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. "Шымкент қаласының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуін;
2) осы қаулы оның ресми жарияланғанынан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шымкент қаласының әкімі | М. Айтенов |