Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы

Жаңа

Абай облысының әкімдігінің 2023 жылғы 3 ақпандағы № 22 қаулысы. Абай облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 21 ақпанда № 27-18 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына, "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 7) тармақшасына сәйкес, Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуы осы қаулысының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Абай облысының қоғамдық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Абай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.

      Абай облысы әкімі
      Н. Уранхаев

  Абай облысы әкімінің
2023 жылғы 3 ақпандағы
№ 22 қаулысына
қосымша

Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуы

Үй-жайдың атауы

Орналасқан жері

1

2

3

1.

"Талғау" сауда үйі

Семей қаласы, Аймаутов көшесі, № 83 үй, № 14 бутик

2.

"Талғау" сауда үйі

Семей қаласы, Аймаутов көшесі, № 83 үй, № 13 бутик

3.

"Южный" дүкені

Семей қаласы, Әуезов даңғылы, № 120 үй, № 1 орын

4.

"Рахат" сауда үйі

Семей қаласы, Қ. Мұхамедханов көшесі, № 34 үй, 1 қабат, № 1 орын

5.

"Ақшың" корпорациясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ғимараты

Семей қаласы, Засядко көшесі, № 65 үй, № 1 орын, № 2 орын

6.

"Ақшың" корпорациясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ғимараты

Семей қаласы, Засядко көшесі, № 65 үй, № 37 орын, № 38 орын

7.

"Ақшың" корпорациясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ғимараты

Семей қаласы, Засядко көшесі, № 65 үй, № 41 орын, № 42 орын

8.

"Ақшың" корпорациясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ғимараты

Семей қаласы, Засядко көшесі, № 65 үй, № 4 орын

9.

"Ақшың" корпорациясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ғимараты

Семей қаласы, Засядко көшесі, № 65 үй, № 5 орын, № 6 орын

10.

"Ақшың" корпорациясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ғимараты

Семей қаласы, Засядко көшесі, № 65 үй, № 3 орын

11.

"Ақшың" корпорациясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ғимараты

Семей қаласы, Засядко көшесі, № 65 үй, № 21 орын

12.

"Ақшың" корпорациясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ғимараты

Семей қаласы, Засядко көшесі, № 65 үй, № 33 орын, № 34 орын

13.

"Ақшың" корпорациясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ғимараты

Семей қаласы, Засядко көшесі, № 65 үй, № 43 орын, № 44 орын

14.

"Ақшың" корпорациясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ғимараты

Семей қаласы, Засядко көшесі, № 65 үй, № 35 орын, № 36 орын

15.

"Ақшың" корпорациясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ғимараты

Семей қаласы, Засядко көшесі, № 65 үй, № 28 орын, № 29 орын

16.

"Ақшың" корпорациясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ғимараты

Семей қаласы, Засядко көшесі, № 65 үй, № 16 орын, № 17 орын, № 18 орын

17.

"Ақшың" корпорациясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ғимараты

Семей қаласы, Засядко көшесі, № 65 үй, № 9 орын, № 10 орын, № 11 орын

18.

"Алтын Алқа" зергерлік салоны

Семей қаласы, Шәкәрім даңғылы, № 40 үй

19.

"Айқыз" сауда үйі

Аягөз ауданы, Аягөз қаласы, Әуезов көшесі, № 30 үй, 1 кіреберіс, № 1 орын

20.

"Айғыз 1" сауда үйі

Аягөз ауданы, Аягөз қаласы, Әуезов көшесі, № 30 б үй, 1 кіреберіс, № 2 орын


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады