Тұқым шаруашылығын дамытуға 2023 жылға субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы

Жаңартылған

Абай облысының әкімдігінің 2023 жылғы 14 наурыздағы № 52 қаулысы. Абай облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 15 наурызда № 32-18 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына, "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығының 38-тармағына сәйкес, Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Қаулының кіріспесі жаңа редакцияда – Абай облысы әкімдігінің 17.11.2023 № 201 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Тұқым шаруашылығын дамытуға 2023 жылға субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Абай облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Абай облысы әкімдігінің сайтында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Абай облысы әкімі
      Н. Уранхаев

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі

  Абай облысы әкімдігі
2023 жылғы 14 наурыздағы
№ 52 қаулысы қосымша

Тұқым шаруашылығын дамытуға 2023 жылға субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – Абай облысы әкімдігінің 17.11.2023 № 201 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
     

Бюджет түрі

Тұқым
шаруашылығын дамытуды субсидиялауға
қажет етілетін
ақшалай қаражат барлығы (мың теңге)
 

оның ішінде (мың теңге)

бірегей тұқымдар

элиталық тұқымдар

бірінші репродукция тұқымдары

бірінші ұрпақ будандарының тұқымдары

Жергілікті

790 000,000

0

20 189,192

6 099,242

763 711,566

Республикалық

615 000,000

0

66 878,724

73 995,907

474 125,369

Барлығы

1 405 000,000

0

87 067,916

80 095,149

1 237 836,935


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады