Абай облысы Бесқарағай ауданы Бөдене ауылынан батысқа қарай 7,3 км жерде орналасқан учаскенің қаралып отырған тұсында Ертіс өзенінің (сол жағалау) су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы

Жаңа

Абай облысының әкімдігінің 2023 жылғы 14 наурыздағы № 50 қаулысы. Абай облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 24 наурызда № 35-18 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Су кодексінің 39-бабының 2), 2-1) тармақшаларына және 116-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 19-1/446 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11838 болып тіркелген) бекітілген су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу қағидаларының 5-тармағына сәйкес, Абай облысның әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Абай облысы Бесқарағай ауданы Бөдене ауылынан батысқа қарай 7,3 км жерде орналасқан учаскенің қаралып отырған тұсында Ертіс өзенінің (сол жағалау) су қорғау аймақтары мен белдеулері осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Абай облысы Бесқарағай ауданы Бөдене ауылынан батысқа қарай 7,3 км жерде орналасқан учаскенің қаралып отырған тұсында Ертіс өзенінің (сол жағалау) су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылықта пайдалану режимі осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      3. "Абай облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Абай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Абай облысы әкімі
      Н. Уранхаев

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи ресурстар
министрлігінің Су ресурстары комитеті
Су ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік
инспекциясы басшысының міндетін атқарушы
____________________ Е. Мадиев
2023 жылғы "_____" _____________

  Абай облысы әкімдігі
2023 жылғы 14 наурыздағы
№ 50 Әкімдік қаулысына
1 қосымша

Абай облысы Бесқарағай ауданы Бөдене ауылынан батысқа қарай 7,3 км жерде орналасқан учаскенің қаралып отырған тұсында Ертіс өзенінің (сол жағалау) су қорғау аймақтары мен белдеулері

Су объектісі

Су қорғау аймақтары

Су қорғау белдеулері

Ұзындығы, км

Ауданы, га

Ені, м

Ұзындығы, км

Ауданы, га

Ені, м

1

2

3

4

5

6

7

Қаралып отырған тұстамада Ертіс өзені (сол жағалау)

3,9

136,6

169-500

3,55

26,0

75

      Ескерту:

      Су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерінің шекаралары мен ені бекітілген жобалау құжаттамасының картографиялық материалында көрсетілген.

  Абай облысы әкімдігі
  2023 жылғы 14 наурыздағы
  № 50 Әкімдік қаулысына
  2 қосымша

Абай облысы Бесқарағай ауданы Бөдене ауылынан батысқа қарай 7,3 км жерде орналасқан учаскенің қаралып отырған тұсында Ертіс өзенінің (сол жағалау) су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылықта пайдалану режимі

      1. Су қорғау белдеулері шегінде жол берілмейді:

      1) су объектілерінің сапалық және гидрологиялық жай-күйін нашарлататын шаруашылық және өзге де қызмет (ластану, қоқыстану, сарқылу);

      2) Су шаруашылығы және су тарту құрылыстары мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылыстарын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі, кәсіпшілік балық аулау қызметімен байланысты өзге де көлік инфрақұрылымы объектілерін, балық шаруашылығы технологиялық су айдындарың, жаңартылатын энергия көздерін (гидродинамикалық су энергиясын) пайдалану жөніндегі объектілерді қоспағанда, ғимараттар мен құрылыстарды, сондай-ақ су объектілері мен су қоймаларын салу және пайдалану демалыс және (немесе) сауықтыру мақсатындағы ғимараттар мен құрылыстарды салмай, су объектісіндегі рекреациялық аймақтар жатады. Осы тармақшаның ережесі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 145-1-бабында белгіленген талаптар ескеріле отырып қолданылады;

      3) бағбандыққа және саяжай құрылысына жер учаскелерін беру;

      4) су объектілері мен олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген қолданыстағы объектілерді пайдалану;

      5) жекелеген учаскелерді шалғындандыру, ағаш егу және отырғызу үшін жер өңдеуді қоспағанда, топырақ және шөп қабатын бұзатын жұмыстар жүргізуге (оның ішінде жер жыртуға, мал жаюға, пайдалы қазбалар өндіруге) тыйым салынады;

      6) шатыр қалашықтарын, көлік құралдарына арналған тұрақты тұрақтарды, малға арналған жазғы лагерьлерді орнатуға жол берілмейді;

      7) пестицидтер мен тыңайтқыштардың барлық түрлерін қолдану.

      2. Су қорғау аймақтары шегінде рұқсат етілмейді:

      1) су объектілері мен олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беру;

      2) ғимараттарға, құрылыстарға, коммуникацияларға және басқа да объектілерге реконструкция жүргізу, сондай-ақ құрылыс, су түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргізу, пайдалы қазбалар өндіру, кәбілдер, құбыржолдар және басқа да коммуникациялар тарту, белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдармен, бассейндік инспекциялармен, күзет саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісілген жобаларсыз бұрғылау, жер және өзге де жұмыстар жүргізу мемлекеттік орган, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган және басқа да мүдделі органдар;

      3) тыңайтқыштар, пестицидтер, мұнай өнімдерін сақтауға арналған қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету, жуу пункттерін, механикалық шеберханаларды, тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтар үйінділерінің құрылғысын, аппаратураларды пестицидтермен толтыруға арналған алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргізуге арналған ұшу-қону жолақтарын орналастыру және салу, сондай-ақ олардың су сапасына теріс әсер ететін басқа да объектілерді орналастыру;

      4) мал шаруашылығы фермалары мен кешендерін, сарқынды су жинағыштарды, сарқынды сумен суарылатын егістіктерді, зираттарды, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының микробпен ластану қаупіне себепші болатын басқа да объектілерді орналастыру;

      5) су айдындарының режимін нашарлататын жүктеме нормасынан асыра мал жаю, малды шомылу және санитариялық өңдеу және шаруашылық қызметтің басқа да түрлері;

      6) су көздеріндегі су кемерінен екі мың метрден кем қашықтықта ауыл шаруашылығы дақылдары мен орман екпелерін пестицидтермен авиаөңдеу және авиа жемшөппен минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру тәсілін қолдану;

      7) жол берілетін шекті концентрация белгіленбеген пестицидтерді қолдану, қар жамылғысына тыңайтқыш енгізу, сондай-ақ залалсыздандырылмаған құрамында көң бар сарқынды суларды және тұрақты хлорорганикалық пестицидтерді тыңайтқыш ретінде пайдалану.

      Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған кезде уыттылығы әлсіз және орташа тұрақсыз пестицидтерді қолдануға жол беріледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады