Абай облысы мәслихаты ШЕШТІ:
1. Абай облысы мәслихатының "Абай облысында жануарларды асырау қағидаларын бекіту туралы" 2022 жылғы 18 қарашадағы № 10/55-VII шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30682 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Абай облысында жануарларды асырау қағидаларының:
3-тармағы мына мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) ауыл шаруашылығы жануарлары – адам өсiретiн, ауыл шаруашылығы өндiрiсiне тiкелей қатысы бар малдардың, құстардың, балықтардың және бал араларының барлық түрi.";
4-тармақтағы "Үй және жабайы" деген сөздер алып тасталсын;
4-тармағының 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"2) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығы, үй және асыл тұқымды жануарларды уақтылы бірдейлендіруді, вакцинациялауды және диагностикалауды қамтамасыз ету;
жануарларда керексіз тұқымның пайда болуын болдырмау бойынша уақытша оқшаулау және биостерилизациялау жолдары арқылы шаралар қолдану;
жергілікті атқарушы органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелеріне, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарына жануарлар қырылған, бірнеше жануар бір мезгілде ауырған немесе олар әдеттен тыс мінез көрсеткен жағдайлар туралы хабарлауға және ауру деп күдік келтірілген кезде, ветеринария саласындағы мамандар, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар келгенге дейін жануарларды оқшаулап ұстау жөнінде шаралар қолдану;";
5-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"5. Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлардың сирек кездесетін және Құрып кету қаупі төнген түрлері мен жануарлар түрлерін еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұстау, өсіру "Жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін және құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның қолданылу аясына кіретін жануарлардың түрлерін еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұстау, өсіру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 25 тамыздағы № 354 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15772 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асыралады.".
8-тармағының 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"2) жануарларды қоғамдық шомылатын орындарда, тоғандарда, субұрқақтарда, су айдындарында және жалпыға ортақ пайдаланылатын су айдындарында, орталықтандырылмаған сумен жабдықтау көзінен жиырма метрден жақын радиуста жануарларды суаруға.
Ауыл шаруашылығы жануарларын суару үшін Қазақстан Республикасының Су кодексіне сәйкес ортақ су пайдалану тәртібімен су объектілерінің ластануы мен қоқыстануын болдырмайтын суару алаңдары мен басқа да құрылғылары бар санитариялық қорғау аймақтарынан тыс су объектілерін пайдалануға жол беріледі;".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Абай облысы мәслихатының төрағасы | |
К. Сулейменов |