Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-2-тармағына сәйкес, Абай облысы мәслихаты ШЕШТІ:
1. Абай облысында жануарларды асырау қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Абай облысы мәслихатының хатшысы | К. Сулейменов |
2022 жылғы 18 қарашадағы № 10/55-VII шешіміне қосымша |
Абай облысында жануарларды асырау қағидалары
1- тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Абай облысында жануарларды асырау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 16-02/701 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10183 болып тіркелген) бекітілген, жануарларға қарау қағидаларына сәйкес әзірленді және Абай облысында жануарларды асырау тәртібін жүзеге асыруды айқындайды.
2. Осы Қағидалар жануарларды асырайтын жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
3. Осы Қағидаларда келесі ұғымдар қолданылады:
1) биостерилизациялау – жануарларды тұқымдану қабілетінен (репродуктивті қабілетінен) хирургиялық жолмен айыру;
2) жабайы жануарлар – табиғи тіршілік ету ортасы жабайы табиғат болып табылатын, сонымен қатар еріксіз немесе жартылай бостандықта мекендейтін жануарлар;
3) жануарлар – фаунаға жататын биологиялық объектілер: ауыл шаруашылығы және үй, жабайы жануарлар;
4) қаңғыбас (қараусыз) жануарлар – адамның қарауынсыз қалған немесе жартылай еркін топ болып құрылған, адамның қадағалауынсыз көбеюге қабілетті үй жануарлары;
5) үй жануарлары – иттер, мысықтар және ұзақ тарихи кезең бойы дәстүрлі түрде адам көмегімен өсірілетін және бағылатын, сонымен қатар адамның эстетикалық мұқтажын қанағаттандыру үшін жасанды жолмен өсіріп шығарған және жабайы популяциясы жоқ өмірге қабілетті, жеке морфологиялық белгілері ұқсас өзгешеліктері бар және ұзақ уақыт бойы табиғи ареалда өмір сүретін жануарлардың түрлері мен тұқымдары.
6) ауыл шаруашылығы жануарлары – адам өсiретiн, ауыл шаруашылығы өндiрiсiне тiкелей қатысы бар малдардың, құстардың, балықтардың және бал араларының барлық түрi.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерістер енгізілді – Абай облысы мәслихатының 04.10.2023 № 8/57-VIIІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.2 тарау. Жануарларды асырау тәртібі
4. Жануарларды асыраған кезде жеке және заңды тұлғаларға:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7-1/587 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11940 болып тіркелген) бекітілген Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалардың және осы Қағидалардың талаптарын сақтау;
2) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығы, үй және асыл тұқымды жануарларды уақтылы бірдейлендіруді, вакцинациялауды және диагностикалауды қамтамасыз ету;
жануарларда керексіз тұқымның пайда болуын болдырмау бойынша уақытша оқшаулау және биостерилизациялау жолдары арқылы шаралар қолдану;
жергілікті атқарушы органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелеріне, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарына жануарлар қырылған, бірнеше жануар бір мезгілде ауырған немесе олар әдеттен тыс мінез көрсеткен жағдайлар туралы хабарлауға және ауру деп күдік келтірілген кезде, ветеринария саласындағы мамандар, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар келгенге дейін жануарларды оқшаулап ұстау жөнінде шаралар қолдану;
3) көлік жолының қасынан жануарлармен өткен кезде және олардың жолдан өтіп бара жатқандағы тәртібін тікелей қадағалау арқылы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
4) жануарлардың зиян келтіруінен қоршаған адамдар мен жануарлардың, сонымен қатар мүліктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
5) оларды биологиялық, түр-тұқымдық және жеке ерекшеліктеріне сәйкес келетін және олардың тамаққа, суға, ұйқыға, қозғалысқа, өзіне ұқсас жануарлармен қатынастарға, табиғи белсенділік пен басқа да қажеттіліктерге табиғи мұқтажын қанағаттандыратын жағдай жасалуын қамтамасыз ету;
6) жануарларды тасымалдауға арналған көлікті арнайы құралдармен жабдықтау, сонымен қатар жануарларды тиеу және түсіру кезінде оларды жарақаттамайтын және/немесе өлімін болдырмайтын жабдықтарды қолдану;
7) жайлы орналасқан орындарды, ылғалды-температуралық режимді, табиғи жарықты, вентиляцияны қамтамасыз ету қажет.
Ескерту. 4-тармаққа өзгерістер енгізілді – Абай облысы мәслихатының 04.10.2023 № 8/57-VIIІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.5. Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлардың сирек кездесетін және Құрып кету қаупі төнген түрлері мен жануарлар түрлерін еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұстау, өсіру "Жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін және құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның қолданылу аясына кіретін жануарлардың түрлерін еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұстау, өсіру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 25 тамыздағы № 354 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15772 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асыралады.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – Абай облысы мәслихатының 04.10.2023 № 8/57-VIIІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.6. "Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2022 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-2 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 11 қаңтарда № 26447 болып тіркелді) сәйкес, жануарларды күтіп-бағу, өсіру елді мекендердің шекаралары шегінде жануарларды күтіп-бағу жөніндегі санитарлық аймақтардың және ветеринариялық нормативтердің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
7. Елді мекеннің ауа кеңістігінен жабайы құстар ұшып өтетін мезгілде құс иелері құстарын жұқпалы ауруларды таратушы болуы мүмкін ұшып өтетін жабайы құстармен қатынасты болдырмайтын жабық орындарда асырау керек.
8. Жануарларды асыраған кезде:
1) жануарларға қатыгездікпен қарауға;
2) жануарларды қоғамдық шомылатын орындарда, тоғандарда, субұрқақтарда, су айдындарында және жалпыға ортақ пайдаланылатын су айдындарында, орталықтандырылмаған сумен жабдықтау көзінен жиырма метрден жақын радиуста жануарларды суаруға.
Ауыл шаруашылығы жануарларын суару үшін Қазақстан Республикасының Су кодексіне сәйкес ортақ су пайдалану тәртібімен су объектілерінің ластануы мен қоқыстануын болдырмайтын суару алаңдары мен басқа да құрылғылары бар санитариялық қорғау аймақтарынан тыс су объектілерін пайдалануға жол беріледі;
3) су қорғау аймақтарының шегінде мал жаюға, жануарларды шомылдыруға және санитариялық өңдеуге;
4) жануарлардың елді мекендер шегінде, сонымен қатар автомобиль және теміржол жолдарына бөлінген жолақта қараусыз мал жайылатын орындардан басқа жерлерде жүруіне;
5) қоршаған ортаны ластауға жол берілмейді.
Ескерту. 8-тармаққа өзгерістер енгізілді – Абай облысы мәслихатының 04.10.2023 № 8/57-VIIІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.9. Адамдардың сүйемелдеуінсіз жүрген жануарлар қараусыз жануарлар болып есептеледі және иесі анықталғанға дейін уақытша ұстау үшін қоражайларға айдауға жатады. Ұсталған қараусыз жануарларды ұстау, иелеріне қайтару тәртібі және иелерінің жауапкершілігі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 246-бабына сәйкес айқындалады.
10. Жануарларды асыраудың міндетті шарты болып аса қауіпті ауруларға қарсы вакцинациялау, паразитарлық ауруларға қарсы өңдеу, тұрғылықты мекен-жайға қарасты ветеринариялық емханаларда диагностикалық зерттеуден өткізу болып табылады.
3 тарау. Қорытынды ережелер
11. Осы Қағидаларды бұзу Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған жауапкершілікке әкеп соғады.
12. Осы Қағидалармен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.