Абай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 7 ақпандағы № 32 "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария және орман шаруашылығы саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Абай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 10 қазандағы № 176 қаулысы. Абай облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 17 қарашада № 150-18 болып тіркелді

      Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Абай облысы әкімдігінің "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария және орман шаруашылығы саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" 2023 жылғы 7 ақпандағы № 32 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22-18 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген қаулының 2-қосымшасы, осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Абай облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Абай облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны Абай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай облысы әкімі аппараттының басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Абай облысы әкімі
      Н. Уранхаев

  Абай облысы әкімдігі
2023 жылғы 10 қазандағы
№ 176 Қаулысына
қосымша
Абай облысы әкімдігінің
2023 жылғы "7" ақпандағы
№ 32 қаулысына
2-қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      1. Басқарушы персонал: мансап орталығының директоры мен оның орынбасары, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының басшысы мен оның орынбасары (стационарлық, жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдар, үйде қызмет көрсету ұйымдар, уақытша болу ұйымдар, аумақтық және оңалту орталықтары).

      2. Негізгі персонал: мансап орталығының құрылымдық бөлімшесінің (бөлімінің, секторының) басшысы, мансап орталығының құрылымдық бөлімшесінің (бөлімінің, секторының, тобының) маманы, әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант, барлық мамандықтағы дәрігерлер, фельдшер, медициналық мейіргер, фармацевт, диеталық мейіргер, барлық мамандықтағы мұғалімдер, тәрбиеші, дефектолог, психолог, логопед, әдіскер, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, қарттар мен мүгедектігі бар адамды күту жөніндегі әлеуметтік қызметкер, психоневрологиялық аурулары бар балаларды және 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарды күту жөніндегі әлеуметтік қызметкер, иппотерапия жөніндегі инструктор-әдіскер, мәдени ұйымдастырушы, емдік дене шынықтыру жөніндегі инструктор, жүзу жөніндегі инструктор, музыкалық жетекші, еңбек терапиясы жөніндегі инструктор, арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер.

      3. Әкімшілік персонал: кітапханашы.

      4. Қосалқы персонал: ассистент.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады