2023 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау көлемдерін бекіту туралы

Жаңа

Абай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 24 қарашадағы № 210 қаулысы. Абай облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 29 қарашада № 167-18 болып тіркелді.

      "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 5-14) тармақшасына, "Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 24 мамырдағы № 180 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28188 тіркелген), Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2023 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау көлемдері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Абай облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Абай облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Абай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Абай облысы әкімі
      Н. Уранхаев

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи ресурстар
Министрлігі

  Абай облысы әкімдігі
2023 жылғы 24 қарашадағы
№ 210 Қаулысына
қосымша

2023 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау көлемдері

Субсидиялау түрлері

Өлшем бірлігі

Субсидияланатын көлем

Субсидиялар сомасы, теңге

1.

Балық өсіру материалын сатып алу шығыстарын өтеу субсидиялары (албырт және бекіре тұқымдас балықтар мен олардың будандары үшін)




1.1

Тұқы тұқымдас шабағы олардың будандары (дернәсілдер)

дана

2 500 000

150 000

1.2

Тұқы тұқымдас шабағы олардың будандары (шабақ)

дана

191 126

2 867 670

2.

Балық өсіру-биологиялық негіздемесін сатып алуға арналған шығыстарды өтеуге арналған субсидиялар

бірлік

6

1 390 318


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады