Бесқарағай аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Абай облысы Бесқарағай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 24 тамыздағы № 6/12-VIII шешімі. Абай облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 31 тамызда № 113-18 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27- бабының 2-тармағына сәйкес, Бесқарағай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Күші жойылды деп танылсын:

      1) Бесқарағай аудандық мәслихатының "Бесқарағай ауданының аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің санын айқындау туралы" 2014 жылғы 31 наурыздағы № 20/9-V шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3310 болып тіркелді);

      2) Бесқарағай аудандық мәслихатының "Бесқарағай ауданының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу Қағидасын бекіту және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау туралы" Бесқарағай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 20/9-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2014 жылғы 11 қарашадағы № 27/4-V шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3575 болып тіркелді).

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бесқарағай аудандық мәслихатының төрағасы
      М. Абылгазинова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады