"Бесқарағай ауданының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу Қағидасын бекіту және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау туралы" Бесқарағай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 20/9-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 11 қарашадағы № 27/4-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 08 желтоқсанда № 3575 болып тіркелді. Күші жойылды - Абай облысы Бесқарағай аудандық мәслихатының № 6/12-VIII 2023 жылғы 24 тамыздағы № 6/12-VIII шешімі. Абай облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 31 тамызда № 113-18 болып тіркелді.

      Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Бесқарағай аудандық мәслихатының 24.08.2023 № 6/12-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3 бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Үлгі қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес Бесқарағай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Бесқарағай ауданының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу Қағидасын бекіту және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау туралы" Бесқарағай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 20/9-V (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3310 нөмірімен тіркелген, "Бесқарағай тынысы" газетінің 2014 жылғы 11 маусымдағы № 48 санында жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Бесқарағай ауданының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу Қағидасын бекіту және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің санын айқындау туралы";

      көрсетілген шешіммен бекітілген Бесқарағай ауданының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау Қағидасында:

      8 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын 100 тұрғыннан 1 өкілі құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

      Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.";

      осы Кағиданың қосымшасы алынып тасталсын.

      2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы

Бесқарағай аудандық

мәслихатының хатшысы

Т. СҰЛТАНОВ


Қ. САДЫҚОВ


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады