Бородулиха аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 қыркүйектегі № 53-9-VI "Бородулиха ауданы бойынша бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды, оны пайдалану тәртібін, шекті толу нормаларын, оны материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарын, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын анықтау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Абай облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2023 жылғы 6 қазандағы № 8-11-VIII шешімі. Абай облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 27 қазанда № 137-18 болып тіркелді

      Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Бородулиха аудандық мәслихатының "Бородулиха ауданы бойынша бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды, оны пайдалану тәртібін, шекті толу нормаларын, оны материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарын, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын анықтау туралы" 2020 жылғы 25 қыркүйектегі № 53-9-VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7619 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      аталған шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Бородулиха ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы";

      шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Айқындалсын:

      осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Бородулиха ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыруға және өткізуге арналған арнайы орындар, олардың шекті толтырылу нормалары;

      осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Бородулиха ауданында арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;

      осы шешімнің 3-қосымшасына сәйкес Бородулиха ауданында арнайы орындарды пайдалану тәртібі;

      осы шешімнің 4-қосымшасына сәйкес Бородулиха ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары.";

      көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген шешімнің 2-қосымшасында қосымшаның атауы орыс тілінде өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      көрсетілген шешімнің 3-қосымшасында қазақ тіліндегі қосымшаның атауы келесі редакцияда жазылсын:

      "Бородулиха ауданында арнайы орындарды пайдалану тәртібі", орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бородулиха аудандық мәслихат төрағасы
      С. Урашева

  Бородулиха аудандық
мәслихатының
2023 жылғы 6 қазандағы
№ 8-11-VIII шешіміне
қосымша

Бородулиха ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыруға және өткізуге арналған арнайы орындар, олардың шекті толтырылу нормалары

№ р/н

Арнайы орындар

Шекті толу нормалары

1.

Бородулиха ауданы, Бородулиха ауылы, Достық көшесі, № 217, "Абай облысы Бородулиха ауданының мәдениет үйі" КМҚК ғимаратының алдындағы алаң

30 адамнан артық емес

2.

Бородулиха ауданы, Бородулиха ауылы, Молодежная көшесі, № 25, "Абай облысы Бородулиха ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ ғимаратының алдындағы алаң

30 адамнан артық емес

3.

Шеру Бородулиха ауданы, Бородулиха ауылы, Достық көшесі, № 152 бастап Достық көшесі, № 217 дейін

100 адамнан артық емес


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады