Жарма ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 26 қаңтардағы № 16 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысының күшін жою туралы

Жаңа

Абай облысы Жарма ауданының әкімдігінің 2023 жылғы 8 қыркүйектегі № 370 қаулысы. Абай облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 11 қыркүйекте № 118-18 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27- бабының 3- тармағына сәйкес, Жарма ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жарма ауданы әкімдігінің "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" 2021 жылғы 26 қаңтардағы № 16 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8382 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Абай облысы Жарма ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Абай облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулының Жарма ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жарма ауданы әкімінің орынбасары Р. Нургалиевке жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жарма ауданының әкімі
      Ж. Байсабыров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады