Жарма ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Абай облысы Жарма ауданының әкімдігінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 521 қаулысы. Абай облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 11 желтоқсанда № 184-18 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27- бабына сәйкес, Жарма ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Күші жойылды деп танылсын:

      1) Жарма ауданы әкімдігінің "Жарма ауданында көшпелі сауданы жүзеге асыруға арналған орындарды белгілеу туралы" 2020 жылғы 20 шілдедегі № 282 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7386 болып тіркелген);

      2) Жарма ауданы әкімдігінің "Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 20 шілдедегі № 282 "Жарма ауданында көшпелі сауданы жүзеге асыруға арналған орындарды белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 174 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27960 болып тіркелген).

      2. "Абай облысы Жарма ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны Абай облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Жарма ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жарма ауданы әкімінің орынбасары Р. Нургалиевке жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жарма ауданының әкімі
      Ж. Байсабыров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады