Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 20 шілдедегі № 282 "Жарма ауданында көшпелі сауданы жүзеге асыруға арналған орындарды белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 174 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 7 мамырда № 27960 болып тіркелді. Күші жойылды - Абай облысы Жарма ауданының әкімдігінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 521 қаулысы.

      Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Жарма ауданының әкімдігінің 08.12.2023 № 521 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Жарма ауданының әкімдігі: ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 20 шілдедегі № 282 "Жарма ауданында көшпелі сауданы жүзеге асыруға арналған орындарды белгілеу туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7386 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы";

      көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын және бекітілсін.";

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте "Жарма ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының оның ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жарма ауданының әкімі Н. Сактаганов

  2022 жылғы 29 сәуірдегі
№ 174 қаулысына
қосымша
  Жарма ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 20 шілдедегі
№ 282 қаулысына
қосымша

Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

     №

Стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

Алып отырған алаңы, шаршы метр

Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі, жыл

Жақын орналасқан инфрақұры лым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері)

Қызмет саласы

1

Ақжал ауылдық округі, Жаңаөзен ауылы, Жамбыл көшесі, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Жарма ауданы бойынша білім бөлімінің "К. Шәкенов атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарама-қарсы

50

5

"Али" азық-түлік дүкені

ауыл шаруашылығы өнімдерін сату

2

Аршалы ауылдық округі, Аршалы ауылы 2 квартал 37 үйге қарама-қарсы

20

5

ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері жоқ

ауыл шаруашылығы өнімдерін сату

3

Ауезов кенті, "Дарын" наубайханасына қарама-қарсы

20

5

"Айгуль" азық-түлік дүкені

ауыл шаруашылығы өнімдерін сату

4

Божығұр ауылдық округі, Салқынтөбе ауылы, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Жарма ауданы бойынша білім бөлімінің "Салқынтөбе негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарама-қарсы

30

5

"Салқынтөбе" азық-түлік дүкені

ауыл шаруашылығы өнімдерін сату

5

Белтерек ауылдық округі, Белтерек ауылы, Тәуелсіздік көшесі 18 үйдің оң жағында

20

5

ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері жоқ

ауыл шаруашылығы өнімдерін сату

6

Бірлік ауылдық округі, Бірлік ауылы, Гайнуллина көшесі 15 үйге қарама-қарсы

30

5

"Дусупова А" жеке кәсіпкердің азық-түлік дүкені

ауыл шаруашылығы өнімдерін сату

7

Бірлікшіл ауылдық округі, Сұлусары ауылы, Достық көшесі 36 үйдің оң жағында

30

5

ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері жоқ

ауыл шаруашылығы өнімдерін сату

8

Жарық ауылдық округі, Жарық ауылы, "Казпочта" акционерлік қоғамының әкімшілік ғимаратына қарама-қарсы

30

5

"Бекзат" азық-түлік дүкені

ауыл шаруашылығы өнімдерін сату

9

Жарма кенті, "Жарма кентінің мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының әкімшілік ғимаратына қарама -қарсы

30

5

ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері жоқ

ауыл шаруашылығы өнімдерін сату

10

Жаңғызтөбе кенті, 9-квартал №25 ғимаратына қарама- қарсы

100

5

ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері жоқ

ауыл шаруашылығы өнімдерін сату

11

Қалбатау ауылдық округі, Қалбатау ауылы, "Қазақстан Халык банкі" Акционерлік қоғамының әкімшілік ғимаратына қарама-қарсы

100

5

ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері жоқ

ауыл шаруашылығы өнімдерін сату

12

Қарасу ауылдық округі, Қарасу ауылы, Чикирова көшесі № 15 үйге қарама-қарсы

20

5

ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері жоқ

ауыл шаруашылығы өнімдерін сату

13

Қаратөбе ауылдық округі, Қаратөбе ауылы, "Қаратөбе ауылдық округі" әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарама-қарсы

30

5

"Рустем" азық-түлік дүкені

ауыл шаруашылығы өнімдерін сату

14

Қапанбұлақ ауылдық округі, Қапанбұлақ ауылы, Атамекен көшесі 25 үйге қарама-қарсы

20

5

ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері жоқ

ауыл шаруашылығы өнімдерін сату

15

Қызылағаш ауылдық округі, Қызылағаш ауылы, Абай көшесі № 22 үйге қарама-қарсы

20

5

"Мурат" азық-түлік дүкені

ауыл шаруашылығы өнімдерін сату

16

Суықбұлақ кенті, "Дастан" кафесінің оң жағында

30

5

ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері жоқ

ауыл шаруашылығы өнімдерін сату

17

Үшбиік ауылдық округі, Үшбиік ауылы, Байғара көшесі 6 үйге қарама қарсы

30

5

"Мухамеджан" азық-түлік дүкені

ауыл шаруашылығы өнімдерін сату

18

Шалабай ауылдық округі, Шалабай ауылы, "Келешек" тойханасына қарама-қарсы

20

5

"Достар" азық-түлік дүкені

ауыл шаруашылығы өнімдерін сату

19

Шар қаласы, Тәуелсіздік көшесі 124 үйге қарама-қарсы

100

5

"Береке" азық түлік дүкені

ауыл шаруашылығы өнімдерін сату


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады