Жамбыл облысы Шу ауданы Алға, Бірлікүстем және Жаңа жол ауылдық округтерінің шекараларын белгілеу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы әкімдігінің 2023 жылғы 21 сәуірдегі № 64 бірлескен қаулысы және Жамбыл облыстық мәслихатының 2023 жылғы 21 сәуірдегі № 2-6 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2023 жылғы 26 сәуірде № 5002 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабының 1-тармағының 1-13) тармақшасына және "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 11-бабының 2) тармақшасына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Шу ауданы Алға ауылдық округінің шекараларының жалпы көлемі 82 193,13 гектар болып белгіленсін.

      2. Шу ауданы Бірлікүстем ауылдық округінің шекараларының жалпы көлемі 63 775,29 гектар болып белгіленсін.

      3. Шу ауданы Жаңа жол ауылдық округінің шекараларының жалпы көлемі 24 669,37 гектар болып белгіленсін.

      4. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімінің орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл облысының
      әкімі Н. Нуржигитов
      Жамбыл облыстық
      мәслихатының төрағасы А. Нуралиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады