"Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 5-14) тармақшасына, "Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 24 мамырдағы № 180 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28188 болып тіркелген) сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2023 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуға субсидиялар көлемі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жамбыл облысының әкімі | Н. Нуржигитов |
Жамбыл облысы әкімдігінің 2023 жылғы 2 маусымдағы № 105 қаулысына қосымша |
2023 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуға субсидиялар көлемі
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Жамбыл облысы әкімдігінің 21.11.2023 № 224 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілед) қаулысымен.
№ | Тауарлы балық өнімдерінің түрі | Өндіріс көлемі, сатып алу (тонна, дана) | Бір килограмм балық азығына, 1 (бір) дана балық өсіру материалын сатып алуға субсидиялар сомасы (теңге) | Субсидия сомасы, (мың теңге) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | Балық азықтарын сатып алу шығыстарын өтеу субсидиялары: | |||
1.1 | Тұқы тұқымдас балықтар мен олардың будандары (отандық өндірістің азығы үшін) | 120 тонна | 105 | 50400,0 |
1.2 | Тұқы тұқымдас балықтар мен олардың будандары (шетелдік өндірістің азығы үшін) | 30 тонна | 210 | 10080,0 |
1.3 | Албырт тұқымдас балықтар мен олардың будандары | 300 тонна | 270 | 97200,0 |
2. | Балық өсіру материалын сатып алу шығыстарын өтеу субсидиялары: | |||
2.1 | Тұқы тұқымдас шабағы (30 граммға дейін) – 1 (бір) дана | 2300000 дана | 15 | 34500,0 |
2.2 | Албырт тұқымдас ұрықтанған уылдырық (дана) – 1 (бір) уылдырық | 4000000 дана | 5 | 20000,0 |
2.3 | Албырт тұқымдас шабағы (10 граммға дейін) – 1 (бір) дана | 2752800 дана | 25 | 68820,0 |
Барлығы: | - | - | 281000,0 |