Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Т. Рысқұлов аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 шілдедегі № 5-6 шешімі. Жамбыл облысы департаментінде 2023 жылғы 26 шілдеде № 5066 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Т.Рысқұлов аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімінің орындалуын бақылау Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының аппаратының басшысына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы Е. Абуталипов

  Жамбыл облысы Т. Рысқұлов аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 шілдедегі № 5-6 шешіміне қосымша

Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы" Т.Рысқұлов ауданы мәслихатының 2014 жылғы 28 наурыздағы № 23-6 шешімі (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2171 болып тіркелген);

      2. "Т.Рысқұлов аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Т.Рысқұлов ауданы мәслихатының 2014 жылғы 23 маусымдағы № 25-12 шешімі (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2285 болып тіркелген);

      3. "Табысы аз отбасыларына коммуналдық қызметтерді тұтынуға берілетін бір жолғы материалдық көмек көрсету Тәртібін бекіту туралы" Т.Рысқұлов аудандық мәслихаттың 2008 жылдың 26 ақпанындағы №4-5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Т.Рысқұлов ауданы мәслихатының 2010 жылғы 15 қарашадағы № 29-5 шешімі (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №112 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады