Қазақстан Республикасының "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 14-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, Ұлытау облыстық маслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ұлытау облысының әлеуметтік маңызы бар ауданаралық (облысішілік қалааралық) қатынастардың тізбесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлытау облыстық мәслихатының төрағасы | Б. Шингисов |
Ұлытау облыстық мәслихатының 2023 жылғы 20 қазандағы № 7/78 шешіміне қосымша |
Ұлытау облысының әлеуметтік маңызы бар ауданаралық (облысішілік қалааралық) қатынастардың тізбесі
Ескерту. Тізбесіне өзгеріс енгізілді - Ұлытау облыстық мәслихатының 10.05.2024 № 128 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
№ | Маршрут нөмірі | Маршрут атауы |
1 | №316 | "Жезқазған-Ұлытау" |
2 | №379 | "Жезқазған-Қарсақпай" |
3 | №101 | "Жезқазған-Сәтбаев" |
4 | №99 | "Сәтбаев-Жезді" |
5 | №380 | "Жезқазған-Сарысу" |
6 | №295 | "Жезқазған-Қаражал" |
7 | № 381 | Жезқазған-Жәйрем-Жаңаарқа |