Ескерту. Күші жойылды - Ұлытау облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 05.12.2023 № 76 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-10-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы № 787 "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Сәтбаев қаласы бойынша шетелдіктер үшін туристерді ораналастыру орындарындағы туристік жарна мөлшерлемелері – болу құнының 0 (нөл) пайызы мөлшерінде бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сәтбаев қалалық мәслихатының төрағасы | К. Балмагамбетов |