Сәтбаев қаласында мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындардың тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Ұлытау облысы Сәтбаев қаласының әкімдігінің 2023 жылғы 16 қарашадағы № 78/01 қаулысы. Ұлытау облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 21 қарашада № 72-20 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының "Жарнама туралы" Заңының 17-2-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес, Сәтбаев қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Сәтбаев қаласында мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындардың тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары А.Төлендинаға жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сәтбаев қаласының әкімі Ш. Әубәкір

  Сәтбаев қаласы әкімдігінің
2023 жылғы 16 қарашадағы
№ 78/01
қаулысына қосымша

Сәтбаев қаласында мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындардың тізбесі

Орындар

1.

Ұлытау көшесі, № 86, 90 үйлердің ортасында

2.

Абай Құнанбаев көшесі, Балмағамбет Балқыбайұлы атындағы мешіттің қасында, автобустық аялдаманың жанында

3.

Академик Қаныш Сәтбаев даңғылы, № 88 үйдің жанында

4.

Академик Қаныш Сәтбаев даңғылы мен Жеңіс көшесінің қиылысында, автобус аялдаманың жанында

5.

Абай Құнанбаев көшесі, қалалық емхананың қасында, автобус аялдаманың жанында

6.

Академик Қаныш Сәтбаев даңғылы, №158 үйдің қасында, автобус аялдаманың жанында


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады