Қаражал қаласының аумағында барлық кандидаттар үшiн үгіттiк баспа материалдарын орналастыру үшiн орындарды белгiлеу туралы

Жаңа

Ұлытау облысы Қаражал қаласының әкімдігінің 2023 жылғы 17 ақпандағы № 8 қаулысы. Ұлытау облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 17 ақпанда № 7-20 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Қаражал қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қаражал қалалық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп, Қаражал қаласының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Қаражал қаласы әкімдігінің "Қаражал қаласының аумағында Қазақстан Республикасы Президенттiгiне, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжiлiсiне партиялық тiзiмдер бойынша, облыстық және қалалық мәслихат депутаттығына үмiткерлердiң сайлаушылармен кездесу өткiзу үшiн үй-жайларды және үгiттiк баспа материалдарын орналастыру үшiн орындарды анықтау туралы" 2011 жылғы 30 қарашадағы № 359 (Қарағанды облысы Қаражал қаласының Әділет басқармасында 2011 жылғы 12 желтоқсанда № 8-5-117 тіркелді) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қаражал қаласының әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қаражал қаласының әкімі Т. Досаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қаражал қалалық

      сайлау комиссиясы

  Қаражал қаласы
әкімдігінің
2023 жылғы 17
ақпандағы
№ 8
қаулысына қосымша

Қаражал қаласының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

Елдi мекеннiң атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

Қаражал қаласы

25 орам, Ұлытау облысы білім басқармасының Қаражал қаласы білім бөлімінің "№ 7 жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ауданында;

С. Әлиев көшесі 24 үй, жөндеу - құрылыс учаскесі кеңсе ғимаратының ауданында;

Т. Ысқақов және Комсомольская көшелерінің қиылысы;

Сайдалы Сары Тоқа және Ы. Дүкенов көшелерінің қиылысы.

Ақтай ықшам ауданы

Атасу көшесі, Ұлытау облысы білім басқармасының Қаражал қаласы білім бөлімінің "№ 6 жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ауданында.

Жәйрем кенті

Ғ. Мұратбаев көшесі, Ұлытау облысы білім басқармасының Қаражал қаласы білім бөлімінің "№ 30 жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ауданында;

Абай көшесі, "Жайрем кентінің мәдени-сауық орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ауданында;

С. Сейфуллин көшесі, Ұлытау облысы білім басқармасының Қаражал қаласы білім бөлімінің "Балдырған" бөбекжайы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ауданында;

Металлургтер көшесі, Ұлытау облысы білім басқармасының Қаражал қаласы білім бөлімінің "№ 10 жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ауданында.

Жәйрем кенті, геологиялық-барлау экспедициясы

Береке көшесі, Ұлытау облысы білім басқармасының Қаражал қаласы білім бөлімінің "№ 11 жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ауданында.

Шалғы кенті

Карл-Маркс көшесі, № 3-2а үй, "Қаражал қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 7 жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің филиалының бұрыңғы ғимараты.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады