Ескерту. Күші жойылды - Ұлытау облысы Қаражал қаласының әкімдігінің 17.02.2023 № 8 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегi "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық занына сәйкес, Қаражал қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Президенттiгiне, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжiлiсiне партиялық тiзiмдер бойынша, облыстық және қалалық мәслихат депутаттығына үмiткерлердiң үгiттiк баспа материалдарын орналастыру үшiн орындар анықталсын (1 қосымшаға сәйкес).
2. Қазақстан Республикасы Президентiгiне, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжiлiсiне партиялық тiзiмдер бойынша, облыстық және қалалық мәслихат депутаттығына үмiткерлердiң сайлаушылармен кездесу өткiзу үшiн үй-жайлар берiлсiн (2 қосымшаға сәйкес).
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкiмiнiң орынбасары А. Құрмансейітовке жүктелсiн.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қаражал қаласының әкiмi | Ғ. Әшімов |
Қаражал қаласының әкімдігінің 2011 жылғы 30 қарашадағы N 359 қаулысына 1 қосымша |
Қазақстан Республикасы Президентiгiне, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжiлiсiне партиялық тiзiмдер бойынша, облыстық және қалалық мәслихат депутаттығына үмiткерлердiң үгiттiк баспа материалдарын орналастыру үшiн орындардың тiзбесi
Елдi мекеннiң атауы | Орналасу орны |
Қаражал қаласы | 25 орамдағы N 7 жалпы орта білім беру мектебінің қасында орналасқан хабарландыру үшін тақтасы. |
Әлиев көшесі 24 үй мекен-жайындағы бұрыңғы жөндеу - құрылыс учаскесі кеңсе ғимаратының қасында орналасқан хабарландыру үшін тақтасы | |
Ысқақов және Комсомольская көшелерінің қиылысында орналасқан хабарландыру үшін стенд-тақтасы | |
Сайдалы Сары Тоқа және Дүкенов көшелерінің қиылысында орналасқан хабарландыру үшін стенд-тақтасы | |
Ақтай кенті | N 6 орта білім беру мектебінің қасында орналасқан хабарландыру үшін тақтасы |
Жәйрем кенті | N 30 жалпы орта білім беру мектебінің қасында Мұратбаев көшесінде орналасқан хабарландыру үшін тақтасы |
Мәдени-сауық орталығының қасында орналасқан хабарландыру үшін тақталары | |
"Балдырған" бала бақшасының қасында орналасқан хабарландыру үшін тақталары | |
N 10 жалпы орта білім беру мектебінің қасында орналасқан хабарландыру үшін тақтасы | |
Жәйрем кенті, геологиялық-барлау экспедициясы | N 11 жалпы орта білім беру мектебінің қасында орналасқан хабарландыру үшін тақтасы |
Қаражал қаласының әкімдігінің 2011 жылғы 30 қарашадағы N 359 қаулысына 2 қосымша |
Қазақстан Республикасы Президентiгiне, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжiлiсiне партиялық тiзiмдер бойынша, облыстық және қалалық мәслихат депутаттығына үмiткерлердiң сайлаушылармен кездесу өткiзу үшiн үй-жайлардың тiзбесi
Елдi мекеннiң атауы | Кездесулер өтетiн орны | Үй-жайдың жалпы көлемi (шаршы метр) |
Қаражал қаласы | 25 орам, N 7 жалпы орта білім беру мектебінің мәжіліс залы, телефоны: 2-63-89 | 253 |
Теміржол көшесі, N 5 орта білім беру мектебінің шағын орталығының үй-жайы | 30 | |
Ақтай кенті | N 6 орта білім беру мектебінің фойесі, телефоны: 2-80-03 | 124,25 |
Жәйрем кенті | Мұратбаев көшесі 11 үй, N 30 жалпы орта білім беру мектебінің мәжіліс залы, телефоны: 2-14-43 | 253 |
Металлургтер көшесі 87 үй, N 10 жалпы орта білім беру мектебінің мәжіліс залы, телефоны: 2-13-00 | 288 | |
Жәйрем кенті, геологиялық-барлау экспедициясы | Первоткрывателей көшесі, 9-а үй, N 11 жалпы орта білім беру мектебінің мәжіліс залы, телефоны: 2-15-00 | 81,8 |