"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 тіркелген) сәйкес Жетісу облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Жетісу облысы бойынша 2023 жылға тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемі субсидияланатын тұқымдардың әрбір санаты бойынша бекітілсін.
2. "Жетісу облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Жетісу облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Жетісу облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жетісу облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Жетісу облысының әкімі | Б. Исабаев |
"Келісілді" | |
Қазақстан Республикасы | |
Ауыл шаруашылығы министрлігі |
Жетісу облысы әкімдігінің 2023 жылғы 16 наурыздағы № 73 қаулыға қосымша |
Субсидияланатын тұқымдардың әрбір санаты бойынша Жетісу облысы бойынша 2023 жылға тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемі
мың теңге
Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға | соның ішінде: | ||||
бірегей тұқым-дар | элиталық тұқым-дар | бірінші репродукция тұқымдары | бірінші ұрпақ будандарының тұқымдары | элиталық көшеттер | |
974 766,0 | 0 | 43 968,0 | 12 636,0 | 856 636,0 | 61 526,0 |