Қазақстан Республикасы Су Кодексінің 94-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Жетісу облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жетісу облысының су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлер осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. "Жетісу облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Жетісу облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Жетісу облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жетісу облысы әкімдігінің 2023 жылғы 8 маусымдағы № 170 Қаулысына қосымша |
Жетісу облысының су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлері
№ | Су объектісінің атауы | Халықтың жаппай демалу орындары | Елді мекен | Меншік иесі |
Талдықорған қаласы | ||||
1 | Қаратал өзені | Қалалық жағажай | Талдықорған қаласы |
Мемлекеттік |
Алакөл ауданы | ||||
2 | Алакөл көлі | Алакөл көлі жағалауының жағажайлары | Ақши ауылы |
Мемлекеттік |
Сарқан ауданы | ||||
3 | Балқаш көлі | Балқаш көлі жағалауының жағажайлары | Лепсі ауылы |
Мемлекеттік |