Мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындардың тізбесін бекіту туралы

Жаңартылған

Жетісу облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 566 қаулысы. Жетісу облысы Әділет департаментінде 2023 жылы 31 шілдеде № 50-19 болып тіркелді.

      "Жарнама туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 17-2-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабына сәйкес, Талдықорған қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындардың тізбесі бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Талдықорған қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Талдықорған қаласының әкімі Е. Бәзіл

  2023 жылғы 28 шілдедегі № 566 қаулысына қосымша

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – Жетісу облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 05.02.2025 № 74 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Мәдени, спорттық және спорттық – бұқаралық іс-шаралардың афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындар тізбесі

      Мәдени, спорттық ғимараттар мен құрылыстар аумағында мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралардың афишаларын орналастыру үшін пайдаланылатын конструкциялар.

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады