Талдықорған қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 28 шілдедегі "Мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындардың тізбесін бекіту туралы" №566 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Жетісу облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 5 ақпандағы № 74 қаулысы. Жетісу облысы Әділет департаментінде 2025 жылы 7 ақпанда № 271-19 болып тіркелді

      Талдықорған қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Талдықорған қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 28 шілдедегі "Мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындардың тізбесін бекіту туралы" №566 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №184557 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Талдықорған қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Талдықорған қаласының әкімі Е. Бәзіл

  2025 жылғы 5 ақпандағы № 74 қаулысына қосымша

Мәдени, спорттық және спорттық – бұқаралық іс-шаралардың афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындар тізбесі

      Мәдени, спорттық ғимараттар мен құрылыстар аумағында мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралардың афишаларын орналастыру үшін пайдаланылатын конструкциялар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады