Текелі қалалық мәслихатының "Текелі қалалық мәслихаты аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" 2018 жылғы 27 наурыздағы № 23-150 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Жетісу облысы Текелі қалалық мәслихатының 2023 жылғы 25 сәуірдегі № 3-14 шешімі. Жетісу облысы Әділет департаментінде 2023 жылы 10 мамырда № 20-19 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7 - бабының 5 - тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27 - бабына сәйкес, Текелі қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Текелі қалалық мәслихатының "Текелі қалалық мәслихаты аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" 2018 жылғы 27 наурыздағы № 23-150 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 120598 тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Текелі қалалық мәслихатының төрағасы Б. Тугулбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады