Қазақстан Республикасының "Жарнама туралы" Заңының 17-2-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына сәйкес, Текелі қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындардың тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Текелі қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
А. Әділ |
2023 жылғы 10 тамыздағы № 313 қаулысына қосымша |
Мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындардың тізбесі
№ | Орындар | Мекен-жайы |
Текелі қаласы бойынша | ||
1 | Сәтпаев көшесіндегі спорт сарайдын жанындағы стенд | Металлург шағын ауданы |
2 | Қастеев көшесіндегі №4 орта мектебінің жанындағы стенд | Достық шағын ауданы |
3 | Тәуелсіздің көшесіндегі мәдениет үйдің жанындағы стенд | Алатау шағын ауданы |
4 | О.Кошевой көшесіндегі №2 орта мектебінің жанындағы стенд | Горняцкий шағын ауданы |