Текелі қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 10 тамыздағы "Мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындардың тізбесін бекіту туралы" №313 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Жетісу облысы Текелі қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 13 ақпандағы № 28 қаулысы. Жетісу облысы Әділет департаментінде 2025 жылы 14 ақпанда № 272-19 болып тіркелді

      Текелі қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Текелі қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 10 тамыздағы "Мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындардың тізбесін бекіту туралы" №313 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 184824 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Текелі қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Текелі қаласының әкімі А. Әділ

  2025 жылғы 13 ақпандағы № 28 қаулысына қосымша

Мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындардың тізбесі

      Мәдени, спорт ғимараттары және құрылысжайларының аумағында мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралардың афишаларын орналастыру үшін пайдаланылатын конструкциялар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады