Ескерту. Күші жойылды - Жетісу облысы Текелі қалалық мәслихатының 26.02.2024 № 14-75 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-10 тармағына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 181 "Шетелдіктер үшін туристік жарна төлеу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 184104 болып тіркелген), Текелі қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНДЫ:
1. Текелі қаласы бойынша туристерді орналастыру орындарында болған шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшермелері 0,2 (нөл бүтін оннан екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бекітілсін.
2. Текелі қалалық мәслихатының 2023 жылғы 25 сәуірдегі № 3-13 "Текелі қаласы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 181246 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Текелі қалалық мәслихатының төрағасы | Б. Тугулбаев |