"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Қаратал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қаратал аудандық мәслихатының 2014 жылғы 19 наурыздағы "Қаратал ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көп пәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №79093 болып тіркелген) №28-121 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы | М. Акимжанов |