Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарағанды облысы әкімдігінің 2012 жылғы 24 қыркүйектегі "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасуы туралы" №46/01 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1945 тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарағанды облысының әкімі | Е. Булекпаев |
Қарағанды облысы әкімдігінің 2023 жылғы 5 мамырдағы № 29/01 Қаулысына қосымша |
|
Қарағанды облысы әкімдігінің 2012 жылғы "24" қыркүйектегі № 46/01 қаулысына қосымша |