Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Құқықтық актілер туралы" заңдарына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Күші жойылды деп танылсын:
1) "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасуы туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2012 жылғы 24 қыркүйектегі № 46/01 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1945 болып тіркелген);
2) "Қарағанды облысы әкімдігінің 2012 жылғы 24 қыркүйектегі "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасуы туралы" №46/01 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2023 жылғы 5 мамырдағы № 29/01 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6410-09 болып тіркелген).
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қарағанды облысының әкімі | Е. Булекпаев |