Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 24 мамырдағы № 180 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №28188 болып тіркелген) "Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2023 жылға арналған Қарағанды облысының акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау көлемдері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қарағанды облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарағанды облысының әкімі | Е. Булекпаев |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
экология және табиғи ресурстар
министрлігі
Қарағанды облысы әкімдігінің 2023 жылғы 27 маусымдағы № 43/01 қаулысына қосымша |
2023 жылға арналған Қарағанды облысының акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау көлемдері
№ | Субсидиялау түрлері | Өлшем бірлігі | Субсидияланатын көлем | Сомасы, мың теңге |
1. | Балықтарын өсіру кезінде пайдаланылатын, отандық өндірістің балық азықтарын сатып алу шығыстарын өтеу субсидиялары: | |||
1.1 | Тұқы тұқымдас балықтар мен олардың будандарын өсіру кезінде пайдаланылатын, отандық өндірістің балық азықтарын сатып алу шығыстарын өтеу субсидиялары | килограмм | 505 000 | 53 025 |
1.2 | Бекіре тұқымдас балықтар мен олардың будандарын өсіру кезінде пайдаланылатын балық азықтарын сатып алу шығыстарын өтеу субсидиялары | килограмм | 110 163 | 30 989,82 |
1.3 | Албырт тұқымдас балықтар мен олардың будандарын өсіру кезінде пайдаланылатын балық азықтарын сатып алу шығыстарын өтеу субсидиялары | килограмм | 60 000 | 16 200 |
2. | Балық өсіру материалын сатып алу шығыстарын өтеу субсидиялары: | |||
2.1 | Бекіре тұқымдас балықтар мен олардың будандары (құртшабақтар) | дана | 22 000 | 5 500 |
2.2 | Тұқы тұқымдас балықтар мен олардың будандары (құртшабақтар, дернәсілдер) | |||
2.2.1 | Тұқы тұқымдас балықтар мен олардың будандары (дернәсілдер) | дана | 30 000 000 | 1 800 |
2.2.2 | Тұқы тұқымдас балықтар мен олардың будандары (құртшабақтар) | дана | 20 390 678 | 305 860,17 |
2.3 | Ақсаха тұқымдас балықтар мен олардың будандары (дернәсілдер) | дана | 10 000 000 | 5 000 |
3. | Дәрілік препараттарды сатып алу шығыстарын өтеу субсидиялары | килограмм | 125 000 | 625 |
4. | Балық басын толықтыратын аналық балық үйірін сатып алу және оларды күтіп-ұстау шығыстарын өтеу субсидиялары | |||
4.1 | Балық басын толықтыратын аналық балық үйірін (тұқы тұқымдас балықтар мен олардың будандарын) сатып алу және оларды күтіп-ұстау шығыстарын өтеу субсидиялары | дана | 120 | 1 200 |
4.2 | Балық басын толықтыратын аналық балық үйірін (бекіре тұқымдас балықтар мен олардың будандарын) сатып алу және оларды күтіп-ұстау шығыстарын өтеу субсидиялары | дана | 5 080 | 152 400 |
5. | Балық өсіру-биологиялық негіздемені сатып алу шығыстарын өтеу субсидиялары | бірлік | 10 | 5 000 |
Барлығы | 577 600 |