Қарағанды облысының бюджетінен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлық ақыларына ынталандыру үстем ақыларын белгілеудің тәртібі мен шарттарын бекіту туралы

Жаңа

Қарағанды облысының әкімдігінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 46/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 12 шілдеде № 6470-09 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысына сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қарағанды облысының бюджетінен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлық ақыларына ынталандыру үстем ақыларын белгілеудің тәртібі мен шарттары бекітілсін.

      2. "Қарағанды облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап туындаған қатынастарда қолданылады.

      Қарағанды облысының әкімі Е. Булекпаев

  Қарағанды облысы әкімдігінің
2023 жылғы 11 шілдедегі
№ 46/01
қаулысымен бекітілген

Қарағанды облысының бюджетінен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлық ақыларына ынталандыру үстем ақыларын белгілеудің тәртібі мен шарттары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қарағанды облысының бюджетінен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеудің тәртібі мен шарттары (бұдан әрі -Ұйымдар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің, "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысының нормаларына сәйкес, мекемелер қызметкерлерін лауазымдық (қызметтік) міндеттерін тиісінше орындағаны үшін көтермелеу мақсатында әзірленді, сондай-ақ олардың функциялары мен міндеттерін уақытылы және сапалы орындауға материалдық қызығушылығын арттыруды қамтиды.

      2. Ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын тиісті жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша жергілікті бюджет қаражаты есебінен белгіленеді.

2-тарау. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі

      3. Лауазымдық жалақыға ынталандырушы үстемеақыларын белгілеу Қарағанды облысының бюджетінен қаржыландырылатын ұйымдардың дербес құрылымдық бөлімшелері басшыларының жазбаша ұсынысы негізінде ұйым басшысының не оны алмастыратын тұлғаның бұйрығымен жүргізіледі.

      Жазбаша ұсынымды дербес құрылымдық бөлімшелер қызметкерінің тікелей басшысы мемлекеттік органның бірінші басшысына шығарады.

      4. Ұсынымда қызметкердің тегі мен лауазымы, жәрдемақының негіздері мен мөлшері көрсетіледі.

      5. Ұсынымды ұйым басшысы күнтізбелік 20 күннен аспайтын мерзімде қарайды.

      6. Ұйымның басшысы ұсынымды қарау нәтижесінде лауазымдық жалақыға ынталандыру үстемеақысын белгілеуден бас тарту себептерін негіздей отырып келіседі немесе бас тартады.

3-тарау. Ынталандыру үстемеақыларын белгілеу шарттары

      7. Ынталандыру үстемеақыларын белгілеу құқығын беретін қызметкердің қызметінің нәтижелерін сипаттайтын негізгі көрсеткіштер:

      1) орындаушылық және еңбек тәртібін сақтау;

      2) белгілі бір кезеңдегі жұмыс нәтижелеріне қол жеткізу;

      3) лауазымдық міндеттерді үлгілі және мінсіз орындау, аса маңызды және күрделі тапсырмаларды орындау және жұмыстағы басқа да жетістіктер;

      4) ұйымдардың одан әрі қалыпты (үздіксіз) жұмысы шұғыл орындалуына байланысты болатын шұғыл және алдын ала күтпеген жұмыстарды орындау;

      5) егер уақытша болмаған жұмыскерді алмастырушы қызметкердің лауазымдық міндеттеріне кірмейтін болса, қысқартылған және/немесе уақытша болмаған жұмыскерлердің функцияларын өзінің негізгі жұмысынан босамай орындау;

      6) оған міндеттердің кеңейтілген шеңберін, жоғары кәсіби деңгеймен және құзыреттілікпен ұштастырылған жұмыстағы жеткілікті тәжірибе (өтіл) мен дағдыларды, оларды практикада табысты қолданумен, сондай-ақ басқа да көрсеткіштерді жүктеу;

      7) бұдан басқа, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтері бар құжаттармен жұмысты жүзеге асыратын қызметкерге лауазымдық жалақыға үстемеақы олардың орындалу көлеміне қарай, сондай-ақ оның кейбір құқықтарын шектегені және қосымша жауаптылығы үшін белгіленуі мүмкін;

      8) үстемеақылар сондай-ақ келесідей объективті мән-жайларға байланысты қызметкерді төмен ақы төленетін лауазымға (неғұрлым жеңіл жұмысқа) ауыстыру (тағайындау) кезінде белгіленуі мүмкін: осы органда еңбек міндеттерін атқаруға байланысты алынған еңбек мертігуі, кәсіптік ауруы немесе денсаулығының өзге де зақымдануы еңбекке жарамдылығын қалпына келтіргенге, не мүгедектік белгіленгенге дейін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады