Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қарағанды облыстық мәслихатының 2016 жылғы 29 қыркүйектегі IV сессиясының № 86 "Қарағанды облысының Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ережені бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 4007 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
Қарағанды облысының Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ережеде:
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
"7-1. Мөрмен бекіту туралы талап жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты емес.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Құрмет грамотасымен наградтау туралы шешімді облыс әкімі мен облыстық мәслихаттың төрағасы (немесе олардың міндетін атқарушы тұлғалар) Комиссияның оң қорытындысына сәйкес, бірлескен өкім шығару жолымен қабылдайды.";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Құрмет грамотасын тапсыру салтанатты жағдайда наградталушының жеке өзіне тапсырылады. Құрмет грамотасын облыс әкімі және (немесе) облыстық мәслихат төрағасы, немесе олардың тапсырмасы бойынша өзге тұлғалар тапсырады.";
13-тармақтың бесінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
"Төменгі бөлігінде облыс әкімінің және облыстық мәслихат төрағасының қолдары үшін мемлекеттік тілде мәтін орналасады, қол елтаңбалық мөрлермен расталады, қолдан кейін мемлекеттік тілде марапаттау күні көрсетіледі.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Облыстық мәслихат төрағасы | Н. Кобжанов |