Төлемақы мөлшерлемелері туралы

Жаңа

Қарағанды облыстық мәслихатының 2023 жылғы 14 желтоқсандағы № 124 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 19 желтоқсанда № 6534-09 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 576 бабына сәйкес Қарағанды облысының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 576 бабының 2, 4, 5 және 6-тармақтарында белгіленген төлемақы мөлшерлемелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қарағанды облысы бойынша 2 есеге көтерілсін.

      2. Күші жойылды деп танылсын:

      1) Қарағанды облыстық мәслихатының 2011 жылғы 29 қарашадағы XLI сессиясының "Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкалары туралы" № 465 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1903 болып тіркелді);

      2) Қарағанды облыстық мәслихатының 2020 жылғы 10 желтоқсандағы "Қарағанды облыстық мәслихатының 2011 жылғы 29 қарашадағы XLI сессиясының № 465 "Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкалары туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" №593 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6127 болып тіркелді).

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихат төрағасы Н. Кобжанов

  Қарағанды облыстық
мәслихатының
2023 жылғы 14
желтоқсандағы
№ 124
Шешімге қосымша

Қарағанды облысы бойынша төлемақы мөлшерлемелері

      1. Стационарлық көздерден ластаушы заттардың шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

Р/с №

Ластаушы заттардың түрлері

1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК)

1 килограмм үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК)

1

2

3

4

1.

Күкірт оксидтері (SOx)

20


2.

Азот оксидтері (NOx)

20


3.

Шаң және күл

10


4.

Қорғасын және оның қосылыстары

3 986


5.

Күкіртсутек

124


6.

Фенолдар

332


7.

Көмірсутектер

0,32


8.

Формальдегид

332


9.

Көміртегі монооксиді

0,32


10.

Метан

0,02


11.

Күйе

24


12.

Темір тотықтары

30


13.

Аммиак

24


14.

Алты валентті хром

798


15.

Мыс тотықтары

598


16.

Бенз(а)пирен


996,6

      2. Жылжымалы көздерден атмосфералық ауаға ластаушы заттарды шығарғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

Р/с №

Отын түрлері

Пайдаланылған отынның 1 тоннасы үшін мөлшерлеме (АЕК)

1

2

3

1.

Этилденбеген бензин үшін

0,66

2.

Дизель отыны үшін

0,9

3.

Сұйытылған, сығылған газ, керосин үшін

0,48

      3. Ластаушы заттардың төгінділері үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

Р/с №

Ластаушы заттардың түрлері

1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК)

1

2

3

1.

Нитриттар

1340

2.

Мырыш

2 680

3.

Мыс

26 804

4.

Оттегіне биологиялық қажеттілік

8

5.

Тұзды аммоний

68

6.

Мұнай өнімдері

536

7.

Нитраттар

2

8.

Жалпы темір

268

9.

Сульфаттар (анион)

0,8

10.

Өлшенген заттар

2

11.

Синтетикалық беткі-белсенді заттар

54

12.

Хлоридтер (анион)

0,2

13.

Алюминий

54

      4. Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын көмгені үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

Р/с №

Қалдықтардың түрлері

Төлемақы мөлшерлемелері (АЕК)

1 тонна үшін

1 гигабеккерель үшін (Гбк)

1

2

3

4

1.

Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын полигондарда, жинақтауыштарда, санкцияланған үйінділерде және арнайы бөлінген орындарда көмгені үшін:



1.1.

Осы кестенің 1.2-жолында көрсетілген қалдықтарды қоспағанда, төлемақыны есептеу мақсаттары үшін қауіптілік қасиеттері ескерілетін қалдықтар



1.1.1.

қауіпті қалдықтар

8,01


1.1.2.

қауіпсіз қалдықтар

1,06


1.2.

Төлемақыны есептеу мақсаттары үшін қауіптілік қасиеттері ескерілмейтін қалдықтардың жекелеген түрлері:



1.2.1.

Коммуналдық қалдықтар (қатты тұрмыстық қалдықтар, кәріздік тазарту құрылыстарының тұнбасы)

0,38


1.2.2.

Тау-кен өндіру өнеркәсібінің және карьерлерді игеру қалдықтары (мұнай мен табиғи газды өндіруден басқа):



1.2.2.1.

аршынды жыныстар

0,004


1.2.2.2.

жанасқан таужыныстары

0,026


1.2.2.3.

байыту қалдықтары

0,02


1.2.2.4.

шлактар, шламдар

0,038


1.2.3.

Құрамында пайдалы қазбалар бар кенді, концентраттарды, агломераттарды және шекемтастарды қайта өңдеу, қорытпалар мен металдар өндірісі кезінде металлургиялық қайта жасауда түзілетін шлактар, шламдар

0,038


1.2.4.

Күл мен күлшлактар

0,66


1.2.5.

Ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтары, оның ішінде көң, құс саңғырығы

0,002


1.2.6.

Радиоактивті қалдықтар:



1.2.6.1.

трансуранды


0,76

1.2.6.2.

альфа-радиоактивті


0,38

1.2.6.3.

бета-радиоактивті


0,04

1.2.6.4.

шынақты радиоактивті көздер


0,38

      АЕК – айлық есептік көрсеткіш

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады