Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы", "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" заңдарына, Шет ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 22 қыркүйектегі №57/03 бірлескен қаулысына және Шет аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 қыркүйектегі №5/51 "Шет ауданының Жамбыл кентін тарату туралы" шешіміне сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шет ауданы Кәрім Мыңбаев ауылдық округінің Қызылтау ауылының әкімшілік бағынысына енгізіліп, кейіннен есептік деректерден алып тастай отырып, Жамбыл кенті таратылсын.
2. Осы бірлескен қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарағанды облысының әкімі | Е. Булекпаев |
Облыстық мәслихат төрағасы | Н. Кобжанов |