Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы", "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" заңдарына, "Жаңаауыл ауылының әкімшілік бағыныстылығын өзгерту туралы ұсыныс енгізу" Қарағанды қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 29 қарашадағы №87/01 бірлескен қаулысына және Қарағанды қалалық мәслихатының 2023 жылғы 29 қарашадағы №118 шешіміне, "Бұқар жырау ауданы Тұзды ауылдық округінің әкімшілік бағынысына Жаңаауыл ауылын қосу туралы" Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 13 қарашадағы №73/05 бірлескен қаулысына және Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2023 жылғы 29 қарашадағы №4 шешіміне сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бұқар жырау ауданының Тұзды ауылдық округінің әкімшілік бағынысына аумағын енгізіп, Жаңаауыл ауылының (117 есептік орам) әкімшілік бағыныстылығы өзгертілсін.
2. Осы бірлескен қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарағанды облысының әкімі | Е. Бөлекпаев |
Облыстық мәслихат төрағасы | Н. Кобжанов |