Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Инватакси қызметін алушылардың санатын кеңейту туралы" Қарағанды қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 3 ақпандағы № 06/02 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26778 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
қаулының 1 тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
"1. Қарағанды қаласының аумағында инватакси қызметін алушылардың санаттары келесі тұлғалар санаттарымен кеңейтілсін:
1) жүріп-тұруы қиын мүгедектігі бар балалар;
2) аутистік спектрдің бұзылуы бар мүгедектігі бар балалар.";
қаулының 2 тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
"2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.".
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарағанды қаласының әкімі | М. Кожухов |