Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, "Автомобиль көлігімен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі міндетін атқарушысының 2013 жылғы 1 қарашадағы №859 бұйрығымен бекітілген, Автомобиль көлiгiмен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсету қағидаларының 31 тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №8950 болып тіркелген) сәйкес Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Преамбула жаңа редакцияда – Қарағанды қаласының әкімдігінің 09.10.2023 № 75/01 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.1. Қарағанды қаласының аумағында инватакси қызметіттерін алушылардың санаттары келесі тұлғалардың санаттарымен кеңейтілсін:
1) жүріп-тұруы қиын мүгедектігі бар балалар;
2) аутистік спектрдің бұзылуы бар мүгедектігі бар балалар мен мүгедектігі бар адамдар;
3) Даун синдромы бар мүгедектігі бар балалар мен мүгедектігі бар адамдар.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды қаласының әкімдігінің 14.06.2024 № 31/01 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды қаласының әкімдігінің 18.05.2023 № 33/01 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қараганды қаласының әкімі | Е. Булекпаев |